oC

Осыдан 29 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.


Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Алайда, қарттар үйіндегі жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады ма?

 

«Қамқорлық» айлық шеңберінде «Алматы облысының жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Шуақ» Алакөл арнулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қартары бар ел-қазыналы ел» атты  Халықаралық қарттар және мүмкіндігі шектеулі жандар  күніне мерекелік  шара ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме қызмеикерлері, қызмет алушылар және Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қабдылдаев Қайрат Құттыбекович қатысты. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

 

Еңбек терапиясы бағыты бойынша қызмет алушылардың қолынан жасалған бұйымдарынан және суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен флеш-моб өтті.

 {gallery}3{/gallery}.