oC

«Қазақстан халықтарының бірлігі күні»  Қазақстанда жыл сайын тойланып өтеді. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешуде. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Бейбітшілік - ел тілегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бүгінгі мерекеде әр ұлт өкілдерінің қызметкерлері мен қызмет алушылары өнерлерін көрсетіп, құттықтау сөздерін айтып жылы лебіздерін білдірді.

 

{gallery}-4{/gallery}