oC

Қазақстан Республикасының Президент сайлауы қарсаңында мекемеде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қызметкерлер мен қызмет алушылар арасында спорттық ойындардан жарыс, көңілді старт ұйымдастырылды. 

 

Спорттық жарыста асық, кір тасын көтеру, арқан тартыс, футбол ойындарынан жарыс өткізілді.

 

Алдымен шара қызмет алушылардың саптық жаттығуымен  басталды. Қызмет алушылар бір-біріне дес бермеді. Жарыс қыза түсіп арқан тартыс  сайысы да тартымды өткізілді..

 

Іс-шара соңында қызмет алушыларға тәттілер таратылды.

{gallery}02/2{/gallery}