Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
«Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды мүмкіншілігі шектеулі жандарға арнауымыз керек» деген мақсатпен «Алматы облысының жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы 10 сәуір күні арнайы Наурыз мейрамын өткізді. Мерекелік шараға мекеменің қызмет етушілері мен қызмет алушылары қатысты.
Наурыз - мейірімділік мерекесі. Мереке барысында қызмет алушылар ең алдымен осы жылулықты сезінді. Олай дейтін себебіміз, жеке кәсіпкер Нурекенов Еркінбек Мырзахметович қызмет алушы Чернецкий Дмитрий Анатольевичке мүгедектерге арналған арба сыйлады және қызмет алушыларға мал сойып, сірне тарту етті. ТООО «АLAKOL ASIL ZHILKISY» ҰЖЫМЫНЫҢ өкілі Адамова Айсулу Бериковна және мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибекович қызмет алушыларға демеушілік көмек көрсетіп, тәттілер мен сусындар таратты.
Наурыз мейрамын атап өту шарасы 3 бөлімнен тұрды. «Наурыз думан», «Ұлттық ойындар» және «Даладағы мейрамхана». Мекеме алаңында қазақ үй тігіліп, қазақи нақышта безендірілді. Мереке барысында ортаға Қыдыр атамызды шақырып, бата берілсе, Наурыз қызымыз өзінің тілектерін білдіріп, әжелерімізден тойға шашу шашылды.
Қызмет алушыларға мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибекович және
Қабанбай ауылының әкімі Кабдылдаев Кайрат Кұттыбекович өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Қызмет алушылар Карлышева Светлана, Уахива Макеш өздерінің әндерін жолдады. Концерттік бағдарлама қызмет алушылардың биімен жалғасты.
Көкпар ,бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойың
Құтты болсын жаңарып келген осы тойың,- дегендей қызмет алушылар арасында қазақ халқының ұлттық ойындары ойналды.
Қызмет алушылар шараға аса үлкен ықыласпен және белсенділікпен қатысты.
Мереке жалғасында арнайы дайындаған «Наурыз көженің» дәмін татып, қазақ үйде мерекелік түскі ас берілді.
{gallery}1janalyq/2{/gallery}