oC

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселе болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.  Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында 25.04.2019 ж «Жетісу-адалдық алаңы» жобасының аясында «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ернур Алибекович Максутбаевпен семинар өткізілді. Жүргізілген семинардың мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру болып таңылады.

 

{gallery}1janalyq/1/{/gallery}