Наурыз - күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмасы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып, кешірімге жасап, татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. ”Орталықта “Наурыз берекем - Наурыз мерекем”атты іс-шара өткізілді. Шара барысында мекеме директоры Е.Максутбаев қызмет алушылар мен қызметкерлерге өз тілегін айтып құттықтады. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап Қабанбай ауылдық округінің әкімі Қ.Қ.Кабдылдаев келді, Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің қызметкері “Аналар кеңесінің”төрайымы Голубева Гульмира Жалғасбековна да келіп. Наурыз мерекесіне ән шашумен құттықтап қайтты. Мереке ән шашу, би және ұлттық спорттық ойындардан жарыс өтіп, қызмет алушыларымызға арналып қазақ үй шаңырағында дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Жыл басы наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Ұлыстың ұлы күні елімізге құт - береке әкелсін. Халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!