"Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 2024 жылдың наурыз айының 6-сы күні "Ана – тіршіліктің тірегі " атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибековичтің құттықтау сөзімен басталды. "Ана – тіршіліктің тірегі" тақырыбы аясында әйел қызмет алушыларға сыйлықтар берілді. Іс-шарада қызметкерлер мен қызмет алушылардың орындауында әндер мен өлең шумақтары айтылды. Мерекеге қатысқан және көрермен ретінде отырған қызметкерлер мен қызмет алушылар жақсы әсер алып, көңіл күйлері көтерілді.