1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достығымыз жарасқан» тақырыбы аясында мерекелік іс-шара аталып өтті. Халықтардың бірлігі күні – бұл ең маңызды, жарқын мерекенің бірі. Достық пен өзара түсінушілік, бірлік мерекесі. Іс-шараға орталықтың қызмет алушылары және мекеме қызметкерлері қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, мекеме ұжымы арнайы дайындықпен Қазақстанды мекендейтін көптеген ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық билерін билеп, таныстырды.
Сонымен қатар, орталықтың еңбек терапиясы инструкторлары мерекеге орай " 1 МАМАР - ЕРЕКШЕ БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ" тақырыбында көрме ұйымдастырды, көрмеге қызмет алушылардың салған суреттері мен жасаған қолөнер бұйымдары қойылды.
Шара соңында жиналған қауым бір-бірін мерекемен құттықтай отырып, әр ұлт өкілдерімен естелікке суретке түсті.