oC

Жаңа жыл

Жаңа жыл барлығымыз үшін ерекше мереке болып саналады. Себебі  барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Көптеген елде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні тойланады. Аталған мереке баршамыздың жадымызға жаңа үміт, жаңа сенім ұялатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жыл қарсаңында 2023 жылдың 29 желтоқсан күні «Шуақ»  Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Төрлет Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке  мекеме директоры Е.А. Максутбаевтың құттықтау сөзімен басталып, қызметкерлер және қызмет алушылардың әндері мен  тақпақтары және Аяз – ата, Ақшақардың ойындарымен жалғастырылып, сыйлықтар берілді. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп және тілектер айтылып, әр қызмет алушы жаңа жылдық сыйлықтарын алып, жақсы көңіл-күйде қалды.

{gallery}it17/1{/gallery}