Тарихымыздан белгілі 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік құндылығы. Бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылып, Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз деп саналады. Бүгінде біз көк туымыз желбіреп, қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Тәуелсіздік күніне орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік іс-шаралар атап өткізілді. 2023 жылдың 14 желтоқсаны күні дене шынықтыру мұғалімі Х. Сулубайдың ұйымдастыруымен қызмет алушылар арасында дойбы ойынынан жарыс өткізіліп, қызмет алушы В.Горькавый - І орынға, М.Мухамедиев - ІІ орынға, Б.Раев - ІІІ орынға иеленді. Сонымен қатар Қабанбай өлкетану мұражайында қызметкерлер арасында «Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтар мақтанышы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 2023 жылдың 15 желтоқсаны күні мерекелік іс-шара директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.А.Кабдылдаеваның құттықтау сөзімен басталып, жылы лебіздері айтылды. Мереке барысында көрініс қойылып, қызметкерлер мен қызмет алушылардың концерттік бағдарламасымен іс-шара жалғастырылды. Мекеме психологы А. Қасымбек қызметкерлер арасында «Біз – бір ұжымбыз» атты тренинг жүргізді. Тренинг барысында қызметкерлер бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ойын ойнап, тілек айтып, Тәуелсіздік күніне қатысты сұрақтарға жауап беріп ұйымшылдығын көрсетті. Еңбек терапиясы жөніндегі инструкторлары Н. Нугманов және Г. Жумаханова «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбы аясында көрме ұйымдастырып, қызмет алушылар жасаған қол өнер бұйымдары мен салған суреттері көрмеге қойылды. Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарадан қызметкерлер мен қызмет алушылар жақсы көңіл-күймен оң әсер алып, партриоттық сезімдері оянды.
{gallery}abc{/gallery}