2023 жылғы 24 қазанда «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» аясында суреттер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Халық әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Төлегенқызы А., Қабанбай ауылдық әкімдігінің бас маманы Нусупова Қ.К., Қабанбай тарихи-өлкетану музейінің директоры Диханбаева А. А. мамандарымен бірге келіп қатысты. Келген қонақтар мен ата-аналар қызмет алушылардың жасаған қолөнер бұйымдарын көріп, өнерлерін тамашалап, толғандырған сұрақтарына жауап алып, орталық тынысымен кеңімен танысты. Іс-шара соңында келген қонақтар алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті.
{gallery}/it14/1{/gallery}