2023 жылдын қазан айыңда Халықаралық Қарттар күні, Қазакстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күні және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қатар келіп, айлық шара басталды. Қазіргі кезде біздін мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып жан –жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп өркендеуіне, еліміздін бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп те есептелінеді. Және президентіміз Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар күнін белгілеу туралы жарлыққа қол қойғаннан бастап, жыл сайын дәстүрлі түрде осы ізгілікке және жылылыққа толы мейрам үзбей атап өтіледі. Осыған орай 2023 жылдын 18-ші қазанында «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік іс шара аталып өткізілді. Іс-шара мекеме директоры Е.Максутбаевтың қарияларлар, қызмет алушылар және осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құттықтау сөзімен басталды. Жылы лебізін білдіріп дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр, әр отбасына амандық және береке тілеп , іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Бағдарлама бойыңша қызметкерлер ән айтып, би билеп және көрініс көрсетіп қызмет алушыларға жақсы көңіл күй сыйлады. Дене шынықтыру мұғалімі Х.Сулубайдың ұйымдастырумен эстафеталық ойындар өткізіліп әділқазылардың әділ бағасымен жеңімпаздар анықталып марапаталды. Сонымен қатар орталықтың еңбек терапиясы жөніндегі инструкторлары Н.Нугманов және Г.Жумаханованың ұйымдастырумен қызмет алушылар жасаған бұйымдардан қолөнер көрмесі өткізіліп көрермендер көнілінен шықты.
Қарттар мен мүгедектігі бар жандарға қолқанат болуды әрқайсымыз өзімізге борыш санауымыз керек деп мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті.
{gallery}it7/2{/gallery}