Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қоғам мен мемлекеттің қалай жұмыс істейтінін, билік органдарының қалай құрылатының, азаматтардың құқықтары мен міндеттері қандай екенін анықтайды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып табылады. Осы мерекеге орай, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мерекелік іс-шаралар өткізді. 2023 жылғы 28 тамызда Қабанбай батыр атындағы мұражай қызметкерлерімен бірігіп, дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде Конституцияның тарихын, баптарын талқылап, құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білу туралы айтылды. 2023 жылғы 29 тамызда мекеме қызметкерлерімен тәрбие сағаты өткізіліп, еңбек терапиясы жөніндегі инструкторлары Г. Жумаханова, Е. Жөкеновпен Қонституция күніне суреттен және қолөнер кормесі ұйымдастырылды. Көрмеге инструкторлармен бірігіп жасаған табиғи материалдардан бұйымдар және қызмет алушылар салған суреттер шығарылды. Сонымен қатар бейне роликтар көрсетіліп, Конституция тақырыбына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Өткізілген іс-шаралардан қызметкерлер мен қызмет алушыларда патриоттық сезім оянып, барлығы жақсы әсер алды.
{gallery}000i/-4{/gallery}