oC

 

2023 жылғы 25 шілдеде қызметкерлер мен қызмет алушылар бірігіп Қабанбай батыр атындағы тарихи – өлкетану музейне экскурсияға барды.   Тарихи - ғылыми дерек ретінде ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени кұндылықтарын,  т.б.  мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми- танымдық қызметін арттыра отырып,  музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қызмет алушылардың  тәрбиесін, мәдинетін, тарихи сананың қалыптастыру мақсатында «Мейірімділік-асыл қасиет» атты  іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында музей қызметкерлері «Мейірімділік ағашы» тренинг өткізіп, «Шоқ үтіктен тоқ үтікке дейін» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, презинтация көрсетілді. Қызмет алушылар мен қызметкерлер бір- біріне алғысын білдіріп,  жылы лебіздерің  айтып, жақсы тілектерін жолдады.  Шара соңында  қызмет алушыларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Қызмет алушылар Қабанбай батыр және т.б. батырлардың  тарихымен танысып, 1920-1930  ж.ж. қазақ халқының қиындықтар көргенін, 1941-1945 жж ҰОС қатысқан каhармандар туралы  мағлұматтарды тындады. Жетісу облысында мекендейтін аңдар мен құстар туралы және Алакөл өңіріне толық мағлумат алды. Қызмет алушылар оң әсер алып, қуанышты көңіл-күймен қайтты.

{gallery}000i/-3{/gallery}