oC

«Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бүгін  медицина қызметкері күні аталып өтті. Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек. "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында атаулы мерекеге орай Медицина қызметкерлері марапатталды. Салтанатты жиын мекеме директоры Максутбаев Ернур Алибековичтың құттықтау сөзімен басталды.  "Медицина саласының үздігі" Жетісу облысының мәслихат депутаты Саятова Баршагуль Ахатовна өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді. Кәсіподақ ұйымы атынан  Саятова Баршагуль Ахатовнаға "Құрмет грамотасы" табысталды.   Кабдылдаева Жанар Ахметчановнаға "Алғыс" және Жаксыкелдинов Аслан Манатаевич кәсіподақ ұйымы атынан Алғыспен марапатталды. Мекеме директоры атынан арнайы Алғыс хаттарымен Молдабеков Кенжегали, Муратов Жігер, Канайбекова Айдана, Вьюнченко Алёна, Ершова Олеся марапатталды. Сонымен қатар барша марапат иелеріне кәсіподақ атынан сыйлықтар табысталды.

Медицина қызметкерлері күніне орай  салтанатты іс-шара және мерекелік концерт өтті. Шара барысында қызметкерлер  өз өнерлерін көрсетіп, әндер айтып би биледі.

{gallery}000i/-2{/gallery}