2023 жылдың маусым айының 2 жұлдызында «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жылдық жоспарға сәйкес 4-маусым «Рәміздер күніне» арналған бірнеше мерекелік іс-шаралар өтті. Мерекелік іс-шараға мекеме қызметкерлері және қызмет алушылар белсене қатысты. 1-маусым күні дене шынықтыру мұғалімі Сулубай Худабай “Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздерім-мақтанышым!» атты үстел теннисінен қызмет алушылар арасында жарыс ұйымдастырды. Шара соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздары табысталды.
2-маусым күні дефектолог Айнур Алиқызы «Государственные символы-национальная гордость» тақырыбында орыс тілінде тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында, ақпараттық танымдық бейнероликтер көрсетілді. Қызмет алушылар ел рәміздері мен рәміз танушы туралы жан-жақты әңгіме болды. Мұндай игілікті іске ұйытқы болған Рәміздер күнінің 31 жылдығы екенін айта кетелік. Қызмет алушылар бұл шарада Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы туралы, рәміздеріміз туралы ой қозғады. Танымдық ақпараттық сағат қызықты өтті. Сонымен қатар атаулы мерекеге орай педагог ұйымдастырушы Елдар Олжабаев арнайы меркелік концерт ұйымдартырды. Концерттің ашылуында мемлекеттік әнұранымыз шырқалды. Шараға қызмет алушылар да қатысты, рәміздер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, патриоттық сезімдерін көрсетті.
Осы орайда орталықтың еңбек терапиясы инструкторы Гулбану Кенжебекқызының ұйымдастыруымен «Мақтансаң мақтан елім деп, тани біл елдік таңбаны» тақырыбындағы қолөнер көрмесі өз дәрежесінде өтті. Көк Ту астында берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз, Тәуелсіздігіміздің абыройы саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін!
{gallery}324{/gallery}