7 мамыр - Қазақстан Отан қорғаушылар күні. Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау - бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сонымен бірге ең жарқын, үлкен мерекелер Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып,міне бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 78 жыл толды. Отан қорғаушылар және Жеңіс күндеріне орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарының құттықтау сөзімен басталып, жылы лебізін білдірді. Соғыс кезіндегі құрбан болғандар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Қызмет алушылар мен қызметкерлер тақпақтар оқып, би билеп, патриоттық әндер орындады. Мереке барлық қатысқандар мен көрермендерге жақсы әсер беріп, ер қызмет алушылар сыйлықтарын алып көңілді тарқасты.
{gallery}-2-Alikh/2{/gallery}