oC

"1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған мереке аталып өтті.

"Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де 2023 жылғы 28 сәуір күні «1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» аталып өтті. Халықтардың бірлігі күні – бұл ең маңызды, жарқын мерекенің бірі. Ол – достық пен өзара түсінушілік, бірлік мерекесі. Іс-шараға орталықтың қызмет алушылары және мекеме қызметкерлері қатысты. Мекеме ұжымы ұйымдастырылған концертке белсене қатыса отырып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл айтулы шараның орны бөлек, мереке – қоғамымыздың ең үлкен күші байлығы және болашағы – бірлік мерекесіне арналып отыр. Шарада директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп, шараға жиналғандарды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, мекеме ұжымы арнайы дайындықпен Қазақстанда мекендейтін көптеген ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық билерін билеп, таныстырды. Шара соңында жиналған қауым бір-бірін мерекемен құттықтай отыра, жақсы концерт көріп, әр ұлт өкілдерімен естелікке суретке түсті.

{gallery}-2-Alikh/1{/gallery}