oC

Наурыз мейрамы – ерте заманнан түркі тілдес халықтары арасында кеңінен тойланып, заманына сай жаңарып, жаңғырып келе жатқан ұлттық мереке. Парсы тілінен аударғанда “жаңа күн” деген мағына береді. Күн мен түннің теңеліп, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың Ұлы күні» деп атап кеткен. Айнала көкжиекке оранып, тіршілік атаулысы қайта түлеп жаңарар атаулы мерекені "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жоғары дәрежеде атап өтті.

Салтанатты мерекелік шара мекеме басшысы Ернұр Әлібекұлының ақ тілегімен бастау алды. Қыдыр Ата бата арнап, әжелер  жиналған қауымға шашу шашылды. Көпшілікке арнайы "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен дастархан жайылып, ұлттық тағам «наурыз көже», бауырсақ пісіріліп, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Қызмет алушыларға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 Концертте өнерпаздар өнер көрсетіп, қызметкерлер мерекелік шараның көркін қыздырып, жиылған қауымға рухани демалыс сыйлады, әсем әндер шырқалды.

Көнеден-жаңаға, атадан-балаға мұра болған салт-дәстүріміз дәріптеліп, ұрпақтар сабастығының жалғасы ретінде әжелер «бесік жырын» жырлап сәбиді бесікке салу дәстүрін көрсетті. Қызмет алушылар арнайы Наурыз туралы өлең шумақтарын көпшілкке арнады.

Іс-шара соңында мерекелік жиынға қатысқан  ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде жаңа жылдың берекелі болуын тілеп тарқасты.

Шара барысында дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық ойындар ұйымдастырылды, қызмет алушылар арасында арқан тартылып, қол күресі болды. Жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға ие болды.

{gallery}/it7/1{/gallery}