oC

"Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлері және қызмет алушыларының қатысуымен «1-наурыз Алғыс айту күні!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.Барша жиналған қонақтарды құттықтаған директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Жанар Ахметчановна Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділік, достық пен құрметінің нышанына айналғанын атап өтті.Мекеме психологы А.Жарқынбекқызы қызмет алушылар арасында психологиялық тренинг өткізді. Мерекелік шара арнайы дайындалған бағдарлама бойынша концертпен жалғасты. Концерт соңында жиналған қауым бір біріне алғыс айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

{gallery}000i/-1{/gallery}