Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы, барша жұрт асыға күтетін ең ғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, әр түрлі ойыншықтармен безендірілген жаңа жылдық әсем шыршалар бой көтеріп, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, жаңа жылдық дастархан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сене отырып Жаңа жыл қарсы алынады. Бұл күні қуанбаған жан қалмайды, бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен! Осыған орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларға жаңа жылдық шыршаларын жағып мерекелік іс-шара өткізді. Мереке мекеме директорының Е. Мақсутбаевтың тілегімен басталып, Аяз-ата, ақшақар, жануарлар қызмет алушылар мен қызметкерлер бірігіп, ескі жылды шығарып салып Жаңа жылды қарсы алды. Қызмет алушылар арасында лотерея ойнатылды. Әндер мен тақпақтар,тілектер айтылып, сыйлықтар таратылды.
{gallery}000i/5{/gallery}