oC

Тәуелсіздік алғалы 25 қазан Республика күні  ретінде тойланып келеді. Алайда бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен 2009 жылы алынып тасталған. Айта кетсе 1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастағы дербестігі, мемлкеттік рәміздері бекітілді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. "Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек", - деді Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында. Бұл мереке енді жыл сайын аталып өтіледі.

Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталады. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Шуақ» Алакөл арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Республика күні аталып өтілді. Концерттік бағдарламаға қызмет алушылар мен қызметкерлер және жергілікті жас әнші Бақберген Базарбай қатысты. Көрермендер мен қатысушылардың туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімдері оянып, концерттен  жақсы әсер алды.

{gallery}-6{/gallery}