Ата-ардақты тұлға. «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады. Ал әже-ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып, асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді. Осыған орай 2022 жылдың 29 қыркүйекте еңбек терапиясы жөніндегі инструкторының ұйымдастыруымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты қызмет алушылардың қол өнер бұйымдарынан көрме өткізілді. Көрмеге қызмет алушылар мен орталық қызметкерлері қатысты. Қолдан жасалған бірнеше бұйымдар таныстырылды. Шараға жиналған қауым күз кереметтері тақырыбында бейнеленген суреттерге тамсанып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар дене шынықтыру мұғалімі мен қызмет алушылар арасында дойбы ойынан сайыс өткізілді. Қызмет алушылар дойбы ойынынан сайысқа түсіп, бақ сынады. Сондай-ақ жарысқа мекеме қызметкерлері де қатысып, жанкүйер болды. Сайыс сонында дене шынықтыру мұғалімі Х. Сулубай марапаттау рәсімін өткізіп, қорытынды бойынша Р. Шойымбаев 1 орынға ие болды, ал 2 орын С. Елюбаева иеленсе, 3 орын Б. Раев қанжағасына байлады. Ал 2022 жылдың 30 қыркүйекте «Қарттарын қадірлеген ер ардақты» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мереке директоры Е. Максутбаевтын құттықтауымен басталды. Іс-шара барысында ауылымыздың жас әншісі Толеуов Самат әндерін айтып, қызмет алушылар мен қызметкерлер белсене қатысып, өлең тақпақтарын айтты. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз.
{gallery}/-4/1{/gallery}