oC

 

 Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл болды. 1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда  Конституциясы қабылданды. Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп Конституция жариялайды. Бұл мемлекетіміздің  негізгі заны болып саналады. Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс.  Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке.  Осыған орай «Шуақ» Алакөл арнаулы қызмет көрсету орталығы Конституцияның 30 жылдығын атап өтті. Мерекелік іс-шараға мәдинет үйінің қызметкері әнші Қ.Тохбай әндер айтып, қызмет алушылар мен қызметкерлер де қатысып, өлең, тақпақтарын айтты.  Бекітілген жоспар бойынша еңбек терапиясы жөніндегі инструкторымен  бірігіп қызмет алушылар жасаған бұйымдар мен суреттерден қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар Конституция күніне орай  әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Г. Зордунова дөңгелек үстел  өткізді.      

Отанымыздың болашағы үшін әрбір азаматтың және қоғамның жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, жеңіспен жеткен құқықтар мен бостандықтарға ұқыпты қарағанда ғана Қазақстанды өркендете алады. Шуақ Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған шараларының нәтижесінде ынтымақ пен татулық аясында бірге қол ұстасып өмір сүріп отырған көп ұлтты халқымызға Ата Заң айбынының биік тұрғаны, оның қалтқысыз орындалуына үлес қосу басты міндетіміз екенін және алдымызда әлде де көптеген сан тарау Қазақстанымызды өркендету жолындағы қыруар істер күтіп тұрғанын айқын сезінгендейміз.

{gallery}000i/3{/gallery}