oC

1  маусым  -  Халықаралық балаларды қорғау күні

 

       1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. БҰҰ  аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Біздің Қазақстан Республикасында да балалар құқығы заңмен бекітілген. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдық құттықтауында жастарға үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасаудың  қажеттілігін атап:  – Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі деп 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Сол себепте, 2022 жылдың 01 маусыл күні «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, балаларды қорғау күніне арналған «Балаларымыз өмірдің гүлі» атты мерекелік  іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қызмет алушылар арасында эстафеталық ойындар ойнатылып, концерттік бағдарлама жүргізілді.  

{gallery}/-5{/gallery}