1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Осы мерекеге орай «Шуақ» Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «1 –Желтоқсан Қазақстан Республикасыны тұңғыш президенті күні»- не арналған мерекелік іс-шара, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізілді. Алғашқы құттықтау сөз директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж. Кабдылдаева және дәрігер- психиатр Б. Саятоваға берілді. Іс-шараның өткізілу мақсаты- қызметметкерлер мен қызмет алушыларды Отанға және халқына деген сүйіспеншіліке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
{gallery}000i/1{/gallery}