oC

Сыбайлас жемқорлықтың салдары

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылғандықтан, соған  қол жеткізуге қойылатын қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп -тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылатын талаптарын іске асыруға тырысуымыз керек.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы аясында және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығында "Сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбы бойынша өндірістік жиналыс өткізілді. Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  туралы заңымен таныстырып, қойылған мақсаттары, талаптары туралы  талқылады. Сонымен қатар, орталықтың  әкімшілігі мен қызметкерлерінің қатысуымен  2020 жылғы 23 қараша күні кадр жөніндегі инспектор Ж. Батыргельдинованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

Барлық қызметкерлерге  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жүргізу  бағытында жоспарланған  іс-шараларды өткізу  жалғастырылуда.

{gallery}/tovary/1{/gallery}