oC

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеледі. 1- қазан Халықаралық Қарттар күніне орай «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шара өткізілді. Орталықтың жасы үлкен қызмет алушылар мен қарттарын және  кызметкерлерді директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары  Жанар Кабдылдаева Қарттар күнімен құттықтап жақсы тілек айтып, жылы лебізін білдірді. «Қартын сыйлаған елдің - қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.Үлкендерге қызмет көрсету- халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Мерекеге  қызмет алушылар мен қызметкерлер қатысып, тілектер мен өлендер айтылып, іс-шара жақсы көңіл күйде өткізілді. Сонымен қатар,  жеке  күтімді қажет ететін қызмет алушы Д. Чернецкийге іште және сыртта қолданатын мүгедектерге арналатын арбалар сыйланды. Іс – шарада  әлеуметтік қашықтықты және  барлық карантиндік ережелері сақталынды. Өткізілген іс- шара орталықтың қарт қызмет алушылары мен қызметкерлерге өте жақсы  көңіл–күй сыйлады.

{gallery}/partner/1{/gallery}