1-Наурыз Алғыс айту күні
«Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мың алғыс» 1- наурыз Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс-шараның өтілгені жайлы мәлімет
«Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың ақпан айының 28 –де «Мың алғыс» 1- наурыз Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға 35 адам қатысты.Қызмет алушылар әр ұлттың ұлттық костюмдерін киді.Алғыс айту мерекелік іс-шарасының алғашқы құттықтау сөзді директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.Кабдылдаева қызмет алушылар, қонақтар және мекеме қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді. Қабанбай ауылының кітапханасынан жетекші мамандары келіп, Абайдың 175 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Конституцияның 25 жылдығына,Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына көрме ұйымдастырып, кітапхананың жетекші маманы Тохтасунова Феруза және Жумабаева Ермекбала баяндама оқыды, көрмелерімен толықтай таныстырды. Еңбек терапиясы инструкторлары Г.Жұмаханова және Қ.Султанбеков «Бізге алғыс айтуға себеп бар» атты түрлі өнер туындыларының көрмесін қойды.
Мекеме психологы М.Сатыбалдина «Жанымда жүр жақсы адам» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізіп, қорытындылады.Қызмет алушылар бір-біріне жақсы тілектер, жылы лебіздерін айтып, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылулықтарын сезініп,көңілдері көтеріліп қалды.Қызмет алушылар Елюбаева Самал, Уахиева Макеш және Карлышева Светлана «Пусть всегда будет солнце!» әнін орындады.Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты.
{gallery}-/2{/gallery}