1-мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне орай "Ынтымағы жарасқан" тақырбы аясында мерекелік іс-шара аталып өтті. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Іс-шараға орталықтың қызмет алушылары және мекеме қызметкерлері қатысып, әндер айтылды.