«Ана гүл, ана-өмір шуағы!»
2025 жылдың наурыз айының 7 – де 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана гүл, ана - өмір шуағы!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс - шара мекеме директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж.А.Кабдылдаеваның құттықтау сөзімен басталды.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні орталығымыздың аяулы аналары мен қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің барлығы асыл ана, адал жар, аяулы арулар тақырыбында болды. Іс-шарада қызметкерлер мен қызмет алушылардың орындауында әндер мен өлең шумақтары айтылды. Мерекеге қатысқан және көрермен ретінде отырған қызметкерлер мен қызмет алушылардың көңіл- күйлері көтерілді.
{gallery}it11/3{/gallery}