oC

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 33 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осыған орай, «Шуақ» Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді. Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ж. Кабдылдаева құттықтау сөз айтып, желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, шағын бейнеролик көрсетілді. Қызмет алушылар мен қызметкерлер тақпақтар және патриоттық әндер орындады. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп өткізілген "Тәуелсіз елім - Қазақстан" атты тәрбие сағаты аяқталды.