oC

whatsapp-image-2026-06-02-at-14_43_06

«Жүректен шыққан алғыс»  атты мерекелік шараның өткені туралы

АҚПАРАТ

       “Шуақ” Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Жүректен шыққан алғыс»  атты мерекелік шара өтті.  Аталған шара концерттік форматта емес, тренингтік бағытта ұйымдастырылып, қызмет алушылар мен қызметкерлер арасындағы өзара сыйластық пен ризашылықты арттыруға арналды.

     Шараның ашылуы директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Кабдылдаева Жанар Ахметчановнаның құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде Алғыс айту күнінің мән-маңызын атап өтіп, ұжым мен қызмет алушылар арасындағы жылы қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды.

      Іс-шараның негізгі бөлігін еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы мамандар жалғастырды. Қызмет алушылар мекеме қызметкерлеріне деген шынайы алғыстарын қолөнер жұмыстары арқылы және өлең шумақтарымен жеткізді.
      Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор Гүлбану Кенжебекқызы қызмет алушылардың өз қолдарымен жасаған көрме бұрышын таныстырып, жасаған ашық хаттардың және әрбір бұйымның артында үлкен еңбек пен талпыныс жатқанын түсіндірді.

      Сонымен қатар, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор Нұржан Бағдатұлы «Рахмет ағашын» көркемдеу кезеңін ұйымдастырып, қызмет алушылар әдемі әуен ырғағымен алғыс сөздері жазылған жапырақтарды ағашқа жапсырды. Бұл сәт шараның ең әсерлі әрі мағыналы бөліктерінің біріне айналды.
       Іс-шара өзара құрмет пен ризашылықты нығайтқан, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды кездесу ретінде өтті.

 

 

Мәдени ұйымдастырушы                                    А.Р.Канайбекова

whatsapp-image-2026-06-02-at-14_43_26-1whatsapp-image-2026-06-02-at-14_43_26whatsapp-image-2026-06-02-at-14_43_27whatsapp-image-2026-06-02-at-14_43_30whatsapp-image-2026-06-02-at-14_43_31